05
февраль
2025
Сәби қалай ұйықтайды – сөйлеуі де солай қалыптасады
Сәби қалай ұйықтайды – сөйлеуі де солай қалыптасады 🗣️
"Әсем" бөбекжай-бақшасының консультациялық пунктінде логопедиялық көмек жұмысы жалғасуда
"Әсем" бөбекжай-бақшасының логопедиялық консультациялық пунктінде сөйлеу тілі бұзылысы бар балалармен кешенді жұмыс жүргізілуде. Соның бірі – ата-аналарға арналған "Ұйқы мен сөйлеу тілі дамуы арасындағы байланыс" тақырыбындағы кеңес беру жұмысы.
👶 Неліктен ұйқы маңызды?
Ұйқы – баланың жүйке жүйесін тынықтырып, ми қызметін қалыпқа келтіретін маңызды физиологиялық процесс. Ұйқы кезінде бала күні бойы алған ақпараттарды миында бекітеді, оның ішінде дыбыстар, сөздер мен сөйлем құрылымдары да бар. Тыныш әрі жеткілікті ұйқы – сөйлеу тілінің дұрыс дамуына ықпал етеді.
🧠 Консультациялық пункт логопеді Қалыбай Салтанат Ғалымжанқызы мен медбике Абдрасилова М.П. бірлесе отырып, ата-аналармен жұмыс жүргізді. Мамандардың айтуынша, сөйлеу тілі кешеуілдеген балалардың көпшілігінде ұйқы тәртібі бұзылған. Бұл олардың ашушаң болуына, зейінінің төмендеуіне, сөйлеуге ынтасының азаюына әкелуі мүмкін.
📌 Ата-аналарға ұсынылған кеңестер: – Баланың жас ерекшелігіне сай күн тәртібін сақтау;
– Ұйқы алдында тыныш орта қалыптастыру (жарықты азайту, гаджеттерден бас тарту);
– Эмоционалды жайлылық орнату (ертегі оқу, тыныш музыка, жай массаж);
– Егер бала мазасыз ұйықтаса, мамандарға жүгіну қажет.
✨ Консультациялық жұмыс барысында ата-аналар өз баласының ұйқы режимін қайта қарап, логопедиялық және медициналық ұсыныстарды ескеріп, үй жағдайында да сөйлеу тіліне оң әсер ететін жағдайлар жасауға мүмкіндік алды.
📍 Логопедиялық пункт жұмысы алдағы уақытта да жалғасып, ата-аналар мен балалар үшін маңызды қолдауға айналуда.