«Баланың мектепке дейінгі білімге бейімделуін қалай қамтамасыз ету керек?» » Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің “Әсем” балалар бақшасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
"Әсем" балалар бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2023

«Баланың мектепке дейінгі білімге бейімделуін қалай қамтамасыз ету керек?»

«Баланың мектепке дейінгі білімге бейімделуін қалай қамтамасыз ету керек?»
Бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек.

«Баланың балабақшаға бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек»

Бейімделу кезінде балада болатын психоэмонациональды қысымның белгілері
1. Ұйқыға жатқысы келмеу
2. Бұрын көрмеген, іс - әрекеттерден шаршау
3. Себепсіз ренжігіштік, жылағыштық немесе ызақорлану
4. Зейіні тұрақсыз, ұмытшақтық
5. Алаңдаушылық
6. Өзіне сенімсіздік
7. Қырсықтық таныту
8. Ұдайы саусақ сорғыштық
9. Қарым - қатынасқа түсуден қорқу
10. Бұрын байқалмаған, түскі және түнгі ұйқыда зәр шығару

Жоғарыда аталғандардың бәрі баланың психоэмоционалды күйзелісте екенін көрсетеді, тек алдын осындай белгілер байқалмаған жағдайда ғана.

Балалардың өзі - өзіне сену сезімін қалыптастыру
Бейімделу кезеңінің негізгі міндетінің бірі – қалада өзі - өзіне сену сезімін қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін келесі іс - әрекеттерді орындау қажет:
1. Балаларды бір - бірімен таныстыру, бір - біріне жақындастыру;
2. Тәрбиеші мен баланың танысуы, баламен тәрбиеші арасында сенімділік орнату;
3. Топпен және балабақшамен танысу;
4. Балабақша қызметкерлерімен танысу;
Осының барлығы, яғни айналамен таныстру ойын түрінде жүргізілуі тиіс.

Балаларды бір - біріне жақындастыруға
бағытталған ойындар
1. Кел, танысайық!
Балалар тәрбиешімен бірге шеңберде тұрады. Тәрбиеші қолына доп (доп жеңіл, әдемі болуы керек) алады. Бала допты қағып алып, өзінің атын айтып, келесі балаға береді, ойын осылай жалғасады.

2. Көпіршіктер!
Балалар орындықта жартылай шеңбер болып отырады. Тәрбиеші бір баланың жанына барып «Сенің атың кім?» атыңды қатты дауыспен барлығы есітетіндей етіп айтшы деп сұрайды!» Бала өзінің атын айтады. Тәрбиеші баланың атын қайталап, қолынан ұстап, келесі балаға келеді, осылай барлық бала кезекпен бір - бірінің қолдарынан ұстап тәрбиешімен жүреді. Алдымен ойынға құштарланып тұрған балаларға барған жөн. Егер бір бала ойнағысы келмесе қинаудың қажеті жоқ. Олар ойынды бақылап отырып, ойынға қызығып өздері ойынға қосылады.
Балалар үлкен шеңбер болады. Тәрбиеші, «қараңдаршы бізде қандай үлкен көпіршік сияқты шеңбер пайда болды! Қараңдаршы, біз қалай көппіз.- Ал енді кішкентай шеңбер жасаймыз».
Балалар тәрбиешімен тығыз шеңбер жасап, көпіршікті үрлей бастайды.

3. «Кімнің дауысы?»
Балалар жартылай шеңбер жасап отырады, ойын бастауға бір бала шығып, балалардың артында тұрып бір баланың атын атайды, балалар кім екенін табады. Ойын осылай жалғасады.

Балаларды балабақшаға бейімдеу барысында балаларды балабақшада жұмыс жасайтын қызметкерлермен таныстыру мақсатында ойындар жүргізу керек.
Әр баланы таңертеңгі қабылдауда жылы қабақпен қабылдау. Ата - анамен тығыз байланыста болу.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив