28
февраль
2025
Алғыс күні
"Әсем" бөбекжай-бақшасында Алғыс күні атап өтілді
1 наурыз – Алғыс айту күні Қазақстандағы ерекше мерекелердің бірі. Бұл күн – адамдардың бір-біріне деген ризашылығын білдіріп, мейірімділік пен қамқорлықты дәріптейтін сәт. Бұл дәстүр тек үлкендер арасында ғана емес, кішкентай бүлдіршіндердің де бойына ізгі қасиеттерді сіңіруге бағытталған.
"Әсем" бөбекжай-бақшасында бұл мереке жыл сайын тәрбиелік мәні жоғары күндердің бірі ретінде атап өтіледі. Балалар ризашылық сезімін сөзбен ғана емес, жүрек жылуын білдіретін түрлі әрекеттерімен жеткізуге үйренеді. Олар ата-аналарына, тәрбиешілеріне, достарына алғыс білдіріп, жақсылық жасаудың қуаныш сыйлайтынын түсінеді.
Бұл күн – тек рақмет айтудың емес, бір-біріне деген құрмет пен қамқорлықты нығайтудың да тамаша мүмкіндігі. Балабақша ұжымы бұл мерекені балаларға жақын етіп түсіндіру арқылы олардың мейірімді, ізгі ниетті азамат болып өсуіне үлес қосуда.
Мақаланы дайындаған: әдіскерлер Мусаева Г.Е., Байболатова Т.К.