06
май
2025
Жігіт сұлтаны-2025
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны – 2025» көрме байқауы
"Әсем" бөбекжай-бақшасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ұл балаларға арналған «Жігіт сұлтаны – 2025» аттыбайқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – болашақ ел қорғайтын ер азаматтарды ұлттық рухта тәрбиелеу, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту. Байқау дәстүрлі жарыс түрінде емес, ерекше форматта – балалард ың өз қолымен жасаған ұлттық бұйымдарын таныстыру арқылы өтті. Домбыра, киіз үй, батыр бейнесіндегі жұмыстар мен көркем қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.
Балалар өз жұмыстарын сенімді таныстырып, нағыз елжанды азаматтың болмысын көрсете білді. Сахнада өзін-өзі еркін ұстау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өнерге деген сүйіспеншілік – осы байқаудың басты нәтижесі болды.
Болашақ қорғаушыларға арналған тағылымды шара сәтті өтті!