Түрлі түсті терезелер » Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің “Әсем” балалар бақшасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
"Әсем" балалар бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2024

Түрлі түсті терезелер

Түрлі түсті терезелер (терезеге сурет салу)

Мақсаты:

Түрлі түсті түстерді пайдаланып отырып, аяз өрнектерін салуды үйрету. Дәстүрден тыс сурет салу өнерін ,Ой –қиялын , сурет салу үшін тәжірибеде түрлі құралдарды таңдап алу және қолдана білуді дамыту. Танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: шырша Өрнек, аяз, шырағдан

Үлестірмелі жабдықтар: Терезе кесегі бейнеленген ақ түсті қағаз, әр балаға шырағдан және спонж таяқшалары, алдын ала дайындалған көк түсті балды акварель.

Алдын –ала жұмыс: Бейнелеу өнері студиясының жетекшісі Е. Тихонованың қыс мезгіліне байланысты жұмыстарымен таныстыру.Түстердің балаларға әсері
Бөбектің қай түске ұмтылатынына қарап, оның қандай ауруы бар екеніне де анықтама жасауға болады дейді ғалымдар. Түс арқылы емдеуді бала тәрбиесіне күнделікті қолдану керек. Оны ойын түріне айналдыруға да болады. Балаңыздың бөлмесін безендіргенде, оған ойыншық, киім сатып аларда осыны ескеріңіз.

Қызыл түс

Бұл – өмір күшінің түсі. Ол – жүйке жүйесі мен ішкі сезімтал бездердің белсенділігін арттыратындықтан, адамның құштарлығы мен ұмтылысының белгісі. Бұл түс – жүрек соғысы мен тынысты жиілетіп, бұлшық еттердің жиырылуын күшейтеді. Қан қысымын жоғарылатып, зат алмасуын үдетіп, мидың белсенді жұмыс істеуіне әсер етеді. Нәтижесінде адам ағзасындағы тіндердің қоректенуі айтарлықтай жақсарады. Бұл түстің ең негізгі психологиялық артықшылығы – адамға сенімділік пен белсенділік силай алатындығында.

Кеңес: Егер сіздің балаңыздың сезімталдығы баяу, мінезі самарқау болса онда оған қызыл түсті киімдер кигізгеніңіз жөн. Ал балдырған өте белсенді болса бұл түске көп жолатпаған абзал. Өйткені ол сәбидің жүйке жүйесін шамадан тыс қоздырып, тез шаршатады.

Баланы ұйықтатарда ойыншықтары мен басқа да қоршаған заттар қызыл болмағаны жөн. Емізулі сәбилер осы себептен де көп жылауы мүмкін. Балаға қызыл түсті бөлмеде, қып-қызыл ыдыстармен тамақ беруге болмайды. Қызыл түстің әсерімен бала тамақты тез әрі көп ішіп қояды. Егер балаңыздың тәбеті төмен болса, қызыл түсті ыдыспен тамақтандырып, тәжірибе жасап байқап көріңіз. Үй ішін, әсіресе балалар бөлмесін безендіргенде қызыл түсті абайлап қолдануды ұмытпаңыз.

Қызыл сары

Бұл түс – сергектіктің, қуаныш пен жетістіктің және қызық думанның түсі. Баланы күн шуақты-қызыл сары, сары, алтын түстермен киіндірген өте жақсы. бұл түстердің қызметі – күшейту, жетілдіру, шынықтыру. Қызыл сары түстің толқын дірілі ас қорытуды жөндейді. Сондықтан оны тамақтандырар кезде қолданған абзал. Бөбекке анасының қызылсары немесе алтын түсті киімдер кигені қатты ұнайды. Бұл осы түстің мейірімділік пен жылылық қуатына бай екенін түсіндіреді. Бүкіл тіршілік атаулы күн нұрына талпынады. Бәлкім күн текті түстердің тартымдылығы содан болар. Суретшілер көбіне қиялдағы кемел әлемді қызыл сары түстермен бейнелейді. Тіпті балдырғандардың өздері де әкесін, анасын және өздерін қызыл сары түспен салғанды ұнатады екен.@
Түрлі түсті терезелер


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив