15
февраль
2024
« Мақал- сөздің азығы , жұмбақ -ойдың қазығы»
Білім беру құзіреттілігі: Коммуникативтік дағдылар
Тақырыбы : « Мақал- сөздің азығы , жұмбақ -ойдың қазығы»
Мақсаты: Мақал-мәтел ата-бабамыздан қалған асыл, өшпес мұра.
Көлемі жағынан шағын болғанмен , мағынасы мақал-
мәтел тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат
беру. Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, мақал- мәтелдерді
орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Тіл қай ұлтта болса да құдіретті, қастерлі.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, ой түйіндеу, ауыз екі сөйлеу, ой
өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Шешендік сөйлеуге , сөз астарын мағыналы түрде
сипаттап жеткізуге үйрету.
Міндеттері : Сөз өнері арқылы тәрбиеленушілердің дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелейміз
Шаттық шеңбері : Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жүреккке жылу сыйлайық
Бірімізге-біріміз шашайық
Тәрбиеші : Балалар бүгін бізде қызықты іс-әрекет болайын деп тұр . Сендермен бүгін мақал –мәтел айтып, жұмбақ жасырып, жаңылтпаш жаттаймыз. Мақал- мәтел деген ата –бабамыздан келе жатқан нақыл сөз, өшпес мұра. Мысалы : «Көппен көрген ұлы той » деген мақал-мәтел бар, яғни бүгін біз өзіміздің іс-әрекетімізді барлығымыз бірге , ұйымдасып , қызықты өткізейік иә. Ал жұмбақ адамның адамның ойлауын , алғырлығын арттырады. Жаңылтпаш аты айтып тұрғандай балаларды сөздерді жылдам айтқанда , жаңылдырмай тілдерін дамыту болып табылады. Ал олай болса ата апаның ауылына қонаққа барайық.
Тәрбиеші : Бізге аналарда қонаққа келіпті. Қане, қош келдіңіздер! Ақжарқын анамыз бен Гүлназ анамыз
(Балалармен бірге апа мен атаның ауылына автобуспен қыдырып барамыз.)
Ата: -Асслаумағалейкум балаларым , қош келдіңдер!
Апа:- Аман –есенсіңдер ма айналайындар, келіп қалыпсыңдар , қош келдіңдер!
Тәрбиеші: - Ата , апа сәлеметсіздер ме! Жақсысыздар ма? Ата , апа біз сіздерден мақал сөздің мәйегі,- дегендей мақал–мәтел айтып , жұмбақ жасырып, жаңылтпаштар жаттап үйреніп қайтсақ деп едік.
Ата: - Иә үйренгендерің жақсы . Білікті бірді жығар,білімді мыңды жығар ,- деген мақалда айтылғандай білімді болғандарың өздеріңе жақсы
Апа:- Әрине біліп жатсақ неге үйретпеске «Білімді ұрпақ ел –болашағы» сендер біздің болашағамызсыңдар.
Тәрбиеші: -Ал онда атаның тобы және апаның тобы болып , екі топқа бөлініп , жарысайық. Атаның тобы «Алғырлар» болсын, ал апаның тобы «Тапқырлар» болсын. ( Дорбадан асықты алып бөлінеді)
Жасырылған суретті асықтың астынан тапсырмаларды іртіндіп алады.
1-тапсырма : «Суретке қарап мақалды айт » суретке қарап мақалды айтады және кім қандай мақал –мәтел білетінін сұраймыз.
Расул : Отанды сүю –отбасынан басталады
Айзере: Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді
Аяна: Отбасының сәні – сыйластық
Достық сәні –қимастық
Рабия: Қыз өссе –елдің көркі
Гүл өссе –жердің көркі
Ильдан:Отансыз адам -армансыз бұлбұл
Айлин: Отан-қуат
Отасы шуақ
2- тапсырма: «Ойлан тап » видео арқылы жұмбақтар жасырып , жауабын шешу (ата-апа, екі анаға арналған тапсырма)
3 – тапсырма: « Жаңылтпаш айтудан жаңылмайық» видео арқылы балалар жаңылтпаштарды айтып және өздері білетін жаңылпаштарды да айтып шығады
Болат Інжу: Пай-пай-пай
Жайылып жүр тай
Ай, ай,ай
Ұшып кетті торғай
Бағылан : Тақпақ жаттап
Айтсақ жақсы –ақ
Жатқа тақпақ
Жатта тақ-тақ
Өмірзақ Інжу: Ата мен әжеде , анада
алма мен алмұрт тереді
Ауырды Арман балада
арбамен тасып береді
Айкерім: Бала бал арасын қуалады
Ба арасы баланы қуалады
4- тапсырма «Келіншек » күйі ( музыкалық сәлем, балалардың барлығы аспаптарда ойнайды )
5-тапсырма «Тез ойлан?» суретке қарап жұмбақтарды шешеді және екі топ балалары бір-біріне жұмбақ жасырады және шешеді . Т. Раяна: Маған да, саған да
Жақын туыс бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға да , солға да
Өзгермейді еш одан
Қане , кімдер олар? ( ата, апа,ана, аға, іні)
Жасмин: Айтары мол ғұлама
Көп жасасын бұл адам
Әкесі ол әкенің
Білер оны сұраған
Ол кім? ( ата)
Алдияр : Дегенімді жасайтын
Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» -деп айтатын
Ол кім? ( әже)
Жәния: Атаңның баласы
Кей кезде таласып
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге
Ол кім ? (Әке)
6-тапсырма «Арқан тарту» ұлттық ойын ( қимыл-қозғалыс белсенділігі)
Қорытынды: Жинаған асықтарды санап, жеңімпаздарды анықтаймыз, бірақ достық жеңгенін айтып өтеміз. Ата мен апа балаларға бата –тілектерін айтады , екі анамызға және балаларға алғысымызды білдіріп , ауылға айтамыз.