05
март
2024
« Ал , қанеки , қыздар ! »
"Әсем" б/б 2024 жылдың наурыз айының 5-күні Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, жанұядағы ана мен қыз бала арасындағы қатынасты нығайту, баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту,сонымен қатар ананың өлшеусіз еңбегін бағалау,қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында ересек "Балдырған" тобының тәрбиешілері Ш.М.Кисадилова , Г.А.Кебисбаева, тәрбиешінің көмекшісі Г.С. Абзелова « Ал , қанеки , қыздар ! » тақырыбында ертеңгілікті сайыс түрде ұйымдастырылып өткізді. Ана - тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы екенін, жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытқан аналар екенін жеткізу,анаға деген бала махаббатын ояту көзделді.Ертеңгілікте бүлдіршіндер ән мен жыр шумақтарын шашып, шығармашылық өнерін көрсетіп аналарымызда сайысқа үлесін қосып, белсене қатысып сол арқылы тәрбиешілермен үнемі тығыз байланыста екендіктерін көрсетті.Ертеңгілік жаңа
аңа форматта өте жоғары деңгейде өтті! Ана -ұлы адам,Ана-құдіретті, демекші мерекелеріңіз құтты болсын Аяулы да құрметті азиз аналар!
аңа форматта өте жоғары деңгейде өтті! Ана -ұлы адам,Ана-құдіретті, демекші мерекелеріңіз құтты болсын Аяулы да құрметті азиз аналар!













