ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС №3 | Ұлттық ойындар мен құндылықтарды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру жолдары » Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің “Әсем” балалар бақшасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
"Әсем" балалар бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
март
2025

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС №3 | Ұлттық ойындар мен құндылықтарды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру жолдары

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС №3 | Ұлттық ойындар мен құндылықтарды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру жолдары

2025 жылдың наурыз айында «Әсем» бөбекжай-бақшасында №3 әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңес тақырыбы – «Ұлттық ойындар мен құндылықтарды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру жолдары».

Кеңес барысында педагогтер мен әдіскерлер өзара тәжірибе алмасып, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ұлттық тәрбиенің алатын орны туралы мазмұнды ой бөлісті.

Четтыкпаева Ляззат Байтановна – тәжірибелі, шығармашыл тәрбиеші, өзінің кәсіби қызметінде ұлттық тәрбие мен халық педагогикасының элементтерін белсенді түрде қолданатын педагог. Кеңес барысында Ляззат Байтановна өзінің әдістемелік жаңалығымен бөлісті — «Ұрпақ – ұлттық ойынмен шыңдалады» атты авторлық құралын таныстырды. Бұл әдістемелік құрал балабақшада қолдануға ыңғайлы, жүйеленген ұлттық ойындар топтамасынан тұрады. Онда әр ойынның мазмұны, ұйымдастыру тәсілдері, тәрбиелік мақсаты және оқу қызметімен кіріктіру жолдары нақты көрсетілген.

Ляззат Байтановна ұлттық ойындарды тек қимыл-қозғалыс белсенділігі ғана емес, сонымен қатар тіл дамыту, логикалық ойлау, тапқырлық пен шапшаңдық секілді қабілеттерді арттыру құралы ретінде қолданудың маңыздылығын атап өтті. Ол балалардың бойына ұлттық болмысты сіңіруде осындай ойын түрлерінің таптырмас әдіс екенін мысалдармен дәлелдеп, әріптестерінің үлкен қызығушылығын тудырды.

Сондай-ақ, кеңес барысында әдіскер Байболатова Талжан Клышовна ұлттық құндылықтарды оқу қызметіне кіріктірудің нақты тәсілдерін ұсынып, тәрбиешілерге бағыт-бағдар берді. Ол балабақшада ұйымдастырылатын оқу қызметтерінде салт-дәстүр, ұлттық мерекелер, халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы тәрбиелеудің мәнін ерекше атап өтті.

Кеңес өте мазмұнды, тәжірибеге бағытталған, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды іс-шара ретінде өтті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив